Бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы
Құрметті білім алушылар! Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары бойынша ашық конкурс ЖАРИЯЛАНАДЫ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қаулысына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға кадрларды даярлау бағыттары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.
Үлгерімнің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 19 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) ақылы негізде білім алушының ректордың атына алдағы уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш;
2) білім алушының транскрипті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (бар болса).
Босаған бос білім беру гранттары бойынша тізім
№ |
Білім беру саласының коды және атауы / Код и классификация области образования |
Даярлау бағытының коды және атауы / Код и классификация направлений подготовки |
Білім беру бағдарламаларының тобы / Группа ОП |
Білім беру бағдарламасының коды және атауы/ Код и название ОП |
Оқу нысаны / Форма обучения |
Бос гранттар саны / Количество вакантных грантов |
Барлығы / Всего: |
|||
1 курс |
2 курс |
3 курс |
4 курс |
|||||||
Мемлекеттік білім гранты / Государственный образовательный грант |
||||||||||
1 |
6B01 Педагогикалық ғылымдар / |
6В018 |
Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау / Подготовка специалистов по социальной педагогике и самопознанию |
5B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану / Социальная педагогика и самопознание |
Күндізгі / Очная |
|
|
|
1 |
1 |
2 |
6В05 |
6В053 |
Физика |
5В060500 - Ядролық физика/ Ядерная физика |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
|
|
1 |
3 |
6В06 |
6В061 |
Ақпараттық технологиялар / Информационные технологии |
5В070300 - Ақпараттық жүйелер / Информационные системы |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
|
|
1 |
4 |
6В07 |
6В071 |
Материаловедение и технологии |
5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы / Материаловедение и технология новых материалов |
Күндізгі / Очная |
|
|
|
1 |
1 |
5 |
6В072 |
Азық-түлік өнімдерін өндіру / Призводство продуктов питания |
5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) / Технология перерабатывающих производств (по отраслям) |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
|
|
1 |
|
БАҒДАРЛАМА/ ПРОГРАММА: «МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА!» |
||||||||||
6 |
6B01 Педагогикалық ғылымдар / |
6В015 |
География мұғалімдерін дайындау / Подготовка учителей географии |
5В011600 - География |
Күндізгі / Очная |
|
|
|
1 |
1 |
7 |
6В016 |
Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау / Подготовка учителей по гуманитарным предметам |
5В011400 - Тарих / История |
Күндізгі / Очная |
|
|
1 |
|
1 |
|
8 |
6В019 |
Арнайы педагогика мамандарын даярлау / Подготовка специалистов по специальной педагогике |
5В010500 - Дефектология |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
|
|
1 |
|
9 |
6В07 |
6В071 |
Материаловедение и технологии |
5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы / Материаловедение и технология новых материалов |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
|
|
1 |
10 |
6В072 |
Азық-түлік өнімдерін өндіру / Призводство продуктов питания |
5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) / Технология перерабатывающих производств (по отраслям) |
Күндізгі / Очная |
|
1 |
4 |
|
5 |
|
Барлығы / Всего: |
0 |
6 |
5 |
3 |
14 |
Назар аударыңыз! Грант иегерлеріне (соның ішінде босаған орындарға үміткерлерге) білу маңызды!!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмыс өтеу жөніндегі міндеттен босату немесе міндеттерді тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес:
3 т. Педагогикалық, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтар, ауыл жастары қатарындағы азаматтарға берілетін квота шегінде оқыған, мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, не ауылда, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда (бұдан әрі - ауылдық жерде) жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жылдан кем емес уақыт жұмыс істеуге тиісті.
т.3-1. Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға квота шегінде түскен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жылдан кем емес уақыт оқу оқыған өңірінде жұмыс істеуге тиісті.
т.4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтар мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жылдан кем емес уақыт жұмыс істеуге тиісті.
т.4-1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша оқыған азаматтар, меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін үш жылдан кем емес уақыт жұмыс істеуге тиісті.
Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын
басқару департаменті