2019 жылдың 23-28 қыркүйегі аралығында «Экономика және басқару» кафедрасы Халықаралық туризм күнін мерекелеу аясында туризм апталығын өткізеді.
Туризм апталығын өткізу мақсаты: «Туризм» білім беру бағдарламасын насихаттау, колледждер мен мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар беру. С. Аманжолов.
Туризм апталығын өткізу аясында келесі іс-шаралар жоспарланды:
23.09.2019 - туризм күнін мерекелеуге арналған «Туризм апталығының» салтанатты ашылуы. Ашық тәрбие сағаты тақырыбы «Менің болашақ мамандығым».
24.09.2019 ж. – «ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ ұйымдастыруымен студенттер арасында конкурс өткізу.
25.09.2019 ж. – «SHERATON ASTANA» қонақ үйінің презентациясы дөңгелек үстел өткізу.
26.09.2019 ж. – «Туризм: қауіпсіздік, тәуекелдер, сақтандыру» тақырыбына семинар өткізу. Лектор: Койшинова Г. К., Ногайбаева Г. К.
27.09.2019 ж. - туризм күніне арналған туристік слет өткізу. Туризм апталығының салтанатты жабылуы және қорытындысын шығару.
«Экономика және басқару» кафедрасы