Жастар жылы аясында 2019 жылы 15 мамырда сағат 11.00-де Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 үй мекен жайы бойынша ШҚМУ-нің әкімшілік корпусының акт залында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы "Экстремизімге жол жоқ" акциясын өткізеді.
Аталған іс-шара жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға және қазақстандық қоғамның құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
Іс-шара аясында концерттік бағдарлама, флешмоб, "Арқан тартыс" шағын-ойыны, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде "Жәрдем", "Доснар" сауда орындарында және "Тамирлан"СҮ аумақтарында ақпараттық материалдар тарату көзделген.
Ұйымдастыру комитеті