Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Шығыс жұлдыздары» мен «Ақ босаға» ансамбльдерінің бірлескен концерті 22 желтоқсанда сағат 15:00-де «Ертіс концерт» залында өтеді.
«Ақ босаға» ансамблінің құрамында ардагер мұғалімдер, дәрігерлер, зейнет жасындағы мәдениет саласының қызметкерлері, ал «Шығыс жұлдыздар» ансамблінің құрамында Шығыстың өнер жұлдыздары – мәдениет қайраткерлері Майра Арғынбекова, Тойжамал Тащанова, Гуля Қасенова, республикалық конкурстардың лауреаттары Гүлнара Перкова, Шолпан Лақаева, Абаш Кәкенов, Қанат Ниязбеков және басқалар.
Бағдарламада – әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндері.
Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: 74-07-46, 74-07-39.
Ұйымдастыру комитеті
