Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Ертістегі қала мәдениетіне 1000 жыл» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция 2018 жылдың 13 сәуірінде төмендегі мекен-жай бойынша өтеді:
Семей қ., Тәңірберген көш., 1,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Ежелгі дәуірлердегі Ертіс өңірінің археологиялық ескерткіштері.
2. Қимақ қалалары, бекіністері, қорымдары
3. Моңғолдан кейінгі кезеңдегі және Қазақхандығы заманындағы Ертіс өңірі
4. Ескі Семей бекінісі мен Ертіс байындағы қалалар тарихы.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 5 сәуірге дейін өтінімді жіберуіңіз қажет
Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген.
Біздің instagram және facebook тіркелініз
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы