Философия ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Гусеваның мерейтойына арналған «Мәдениет және өркениеттік таңдау мәселесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жетінші отырысы - 25 қараша
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2020 жылдың 25 қараша күні Өскемен қаласында (онлайн жүйесінде) КЕ АҚ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» орталығында (мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан көшесі 55, әкімшілік ғимарат, 4 қабат) философия ғылымдарының докторы, профессор Нина Васильевна Гусеваның мерейтойына арналған «Мәдениет және өркениеттілік таңдау мәселесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жетінші отырысы өтетінін хабарлайды. Жетінші отырыстың тақырыбы: «Қазіргі мәдениет пен өркениеттегі диалектика: тарихи кеңістік-уақыт заңдылықтары немесе таңдау мәселесі?»
Бірлескен ұйымдастырушылар: «Қазақстан философиялық конгресі»; Қазақстан философиялық конгресінің шығыс бөлімі жанындағы әдіснамалық зерттеулер мен инновациялық бағдарламалардың халықаралық орталығы; «Диалектика және мәдениет» Ресей философиялық қоғамы; Беларусь ұлттық ғылым академиясының Философия институты; Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті; Қазақстан-Американдық еркін университеті
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы