Ұлы даланың сырлы сазын әнмен жеткізген композиторлар
Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы
I ән фестивалінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже:
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2017 жылы 5 шілдеде композиторлар Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы I әншілер фестивалін өткізеді.
Өткізілетін орны: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Оң жағалау, Ертіс өзенінің жағажайы.
Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының мекен-жайы: 071400, ШҚО, Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 43. байланыс телефондары мен электрондық мекен-жайы: 8(7222) 521723 факс, 363985, .
2. Фестивальдың мақсаты:
- Композиторлардың әндерін келер ұрпаққа насихаттау, дәріптеу;
- Т.Базарбаев пен Б.Жамақаевтың әндерімен халыққа кеңінен таныту, өнердегі өскелең ұрпақты баулу;
- Әншілердің орындау шеберліктерін арттыру, оларға қолдау көрсету және жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету;
- Ән өнерін дамыту және өнер әлемінде сазгерлердің өміршең әндерімен бірге өсіп келе жатқан жас талантты орындаушылардың жаңа есімдерін анықтау;
- Халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани құндылықтармен алмасуды ұйымдастыру;
- Мәдени мұраны насихаттау және олардың дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;
- Жастардың эстетикалық, ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленуіне, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына таратылуына ықпал ету.
3. Ұйымдастыру комитетінің құзыреті:
- Фестивальды Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы ұйымдастырады.
- Барлық қатысушылар тең дәрежеде дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
4. Фестивальдың талаптары мен шарттары:
- Фестивальге жеке әншілер немесе ұжымдар (топтар) қатыса алады. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен әр облыстың мәдениет басқармалары ұсынған әншілер және Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан іріктелген әншілер қатыстырылады.
- Әндер міндетті түрде өңделіп орындалуы тиіс./минус/
- Фестивальге қатысу үшін үміткерлер құжаттарды 2017 жылдың 23 маусымына дейін мына электрондық мекен-жайға жолдаулары қажет: , Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының байланыс телефондары: 8(7222) 521723 факс, 363985.
Өтінішке қоса мынандай құжаттар ұсынылуы тиіс:
- жеке куәліктің немесе төлқұжатының көшірмесі;
- қысқаша шығармашылық өмірбаяны;
- жолдаушы мекеменің ұсынысы;
- 13 х 18 см. көлемдегі электрондық фотосурет
- орындалатын әнінің дыбыстық фонограммасы.
- Республикамыздың барлық өңірлерінен қатысатын талапкерлердің жол-сапар шығынын жіберуші жақ, жатар орнын, тамағын ұйымдастырушы жақ өз міндетіне алады.
5. Фестивальды қаржыландыру:
- Фестивальды дайындау мен өткізуді қаржыландыру облыстық бюджетпен көзделген қаражатпен жүзеге асырылады.
- Фестивальды өткізуге көзделген ақшалай қаражат ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша бекітілген сметалық шығындармен қатаң сәйкестікте жұмсалады
Теміржан Базарбаевтың әндерінің тізімі:
- Т.Базарбаев, Н.Шәкенов «Қазақстан туралы ән»
- Т.Базарбаев, А.Сапышев «Семейім, ару қалам»
- Т.Базарбаев, Д.Қанатбаев «Студенттік кештер»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Гүл керек»
- Т.Базарбаев, А.Құнанбаев «Есіңде бар ма жас күнің»
- Т.Базарбаев, Б.Тәжібаев «Өз елім»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Жаңа жерлер, жасыл көлдер»
- Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Шалқыма»
- Т.Базарбаев, Т.Оразбаев «Қалай жүрсің сағынбай»
- Т.Базарбаев, А.Кендарбеков «Сағындым, Алакөлім»
- Т.Базарбаев, Ә.Сәдуақасұлы «Алыстағы ағайын»
- Т.Базарбаев, М.Сұлтанбеков «Асыл аға»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Аңсау»
- Т.Базарбаев, А.Асылбеков «Айналайын, анашым»
- Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Жылайды гүлдер»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Сүйгенім сен»
- Т.Базарбаев, Т.Әбдікәкімов «Қара дала»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Қаздар қайтқанда»
- Т.Базарбаев, Т.Оразбаева «Сен келмедің»
- Т.Базарбаев, Қ.Тұраров «Астана-Ақорда»
- Т.Базарбаев, Ж.Бейсенов «Ауылым»
- Т.Базарбаев, Ә.Дүйсенбиев «Ақ мамам»
- Т.Базарбаев, Ә.Тәжібаев «Қыз қайда»
- Т.Базарбаев, Ә.Дүйсенбиев «Еске сақта»
- Т.Базарбаев, Қ.Мырзағалиев «Тамаша»
- Т.Базарбаев, Қ.Исалин, А.Сапышев «Отан»
- Т.Базарбаев, Н.Айтұлы «Бәйтерек»
- Т.Базарбаев, М.Мақатаев «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»
- Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Тұз дәмі»
- Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Адамдар, бақытты болыңдар.»
- Т.Базарбаев, Қ.Исалин «Ай жүзім»
- Т.Базарбаев, Ж.Нәжімеденов «Бұлақ ағып барады»
- Т.Базарбаев, Ж.Молдағалиев «Солмайтын гүл жоқ»
- Т.Базарбаев, Т.Молдағалиев «Үнсіз жүрсем»
Бекен Жамақаевтың әндерінің тізімі:
- Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Махаббат вальсі»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Ертіс вальсі»
- Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Сен ғана»
- Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Бақытты студент жастармыз»
- Б. Жамақаев, Ғ. Қайырбеков «Менің шаттығым»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Әлемге тыныштық»
- Б. Жамақаев, С. Машақов «Жастық заман»
- Б. Жамақаев, Ә. Ахметов «Қарағанды вальсі»
- Б. Жамақаев, Қ. Көпішев «Гүлім қайда»
- Б. Жамақаев, А. Ахметов «Түн сыры»
- Б. Жамақаев, Ә. Ахметов «Мереке вальсі»
- Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Ертіс әні»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Әнші»
- Б. Жамақаев, М. Айтқожина «Әлди, әлди бөбегім»
- Б. Жамақаев, Т. Бердияров «Сүйгенім, кел, ауылға кел»
- Б. Жамақаев, С. Машақов «Сырым көп сәулем сақтаған»
- Б. Жамақаев, Е, Байтоқов «Шофер әні»
- Б. Жамақаев, Н. Шакенов «Қыз әні»
- Б. Жамақаев, Қ. Мұқаметханов «Алтын дән»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Қайдасың, қайда, сәулешім»
- Б. Жамақаев, А. Құнанбаев «Қыйыстырып мақтайсыз»
- Б. Жамақаев, С. Анисимов «Китайская лирическая»
- Б. Жамақаев, Қ. Ыдырысовтың «Сырдария»-деген өлеңінің желісімен айтылады.
- Б. Жамақаев, Н. Шәкенов «Жылқышы әні»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Қазақстан»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Алтын арқа»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Дала, тыңда әнімді!»
- Б. Жамақаев, К. Қалиев «Ұлы таулар»
- Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Жалғыздық тойы»
- Б. Жамақаев, Ә. Табылдиев «Жеміс тойы»
- Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Бұл не деген сезім еді»
- Б. Жамақаев, Т. Молдағалиев «Аққуым аспанда емес жерде менін»
- Б. Жамақаев, Ә.Табылдиев «Туған үйдің жұртында»
- Б. Жамақаев, Қ. Ыдырысов «Арқа қысы»
- Б. Жамақаев, М. Мақатаев «Тұлпарлы елдің ұлымын»
- Б. Жамақаев, А. Сейсенбаев «Қоштасу әні»