- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 27 сәуірінде сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін «Инновациялық технологиялар – мүмкіндіктер кеңістігі» ІТ – фестивалі өткізіледі.
Фестивальдің жұмысы төрт сектордан көрсетіледі.
№ 1 Сектор. «Ғылыми ойын-сауық».
Секторда ұсынылады:
Сандық балалар зертханасы. Жарық, күш, магнетизмді зерттеу бойынша тәжірибелерге қатысыңыз.
Микроағзаларды зерттеу. Сіз сандық микроскоптың көмегімен микроағзаларды зерттей аласыз.
3Д-модельдеу. Өз талантыңызды көрсетіңіз, 3Д-қаламсабымен кеңістікте әртүрлі суреттер салыңыз.
Ойын технологиялары. Балалар «VALEO», «ЖИПТО» Фрёбельдің интеллектуалды-дамытатын жиынтығымен жұмыс жасап, құмда сурет сала алады.
№2 Сектор. «Engineering 5+».
Бұл жерде ұсынылатындар:
Ғылыми шоу «Қызықты физика». Бұл физикалық құбылыстар мен үдерістер туралы көрнекті көрініс беретін эксперименттер мен тәжірибелер. Сектор алаңында балалар гравитация, электр, түстер, дыбыс және жарықпен болатын қызықты тәжірибелерге қатыса алады.
Балаларға арналған робототехника: Легошығармашылық. Легоқұрастыру. Робототехниканың негіздері Сіз роботтарды көресіз, өз роботыңызды құрастырып, бағдарламалап қоя аласыз.
Сіздерді балаларға арналған логикалық ойындар қызықтырады. Басыңызды «Танграм» қызықты бас қатырғышымен қатырыңыз. Бас қатырғышты сіріңкенің көмегімен шешіп көріңіз. Логика мен ойлауды дамытудың міндеттері туралы ойланыңыз.
Жоғары буын оқушыларына Инжениринг қызықты болады.
Құрылыстық, механикалық, аэрокосмостық және кеме жасау инженериясы. Сондай-ақ көптеген басқа да түрлері бар! «Geomag» конструкторының көмегімен математикалық модель құрастырып көріңіз.
№3 Сектор. «Жалпыға ортақ білім» ұсынады:
Балаларды оқытуда интерактивті формаларды қолдану. Н Баймұратов атындағы мектептің оқушысы Әлем Айткенованың әлеуметтік желісіне файлдармен ғана алмасу үшін емес, сонымен қатар, құжаттармен және бейнеқоңыраулармен алмасу үшін қосылыңыз. Білім порталында Садықов Әділмен математика бойынша курстан өтіңіз.
Онлайн-оқыту арнайы оқыту бағдарламасын енгізу. Большевладимировск мектебінің оқушысы Венера Ахметовамен «Мәңгілік ел» кабинетіне кіріңіз, өзіңіздің шешендік шеберлігіңізді ұштаңыз. Аманов атындағы орта мектептің оқушысы Тұрсынғалиева Балжанмен интеллектуалды ойында өз біліміңізді тексеріп, жасырынған суретті табыңыз. Ерекше білімге мұқтаж балаларға, оларды өмірге дағдыландыру үшін арналған, серіктес-компаниялармен таныстырылған интерактивті және арнайы жабдықтар.
№4 Сектор. «Ғылыммен болашаққа» ұсынады:
Облыс мектептері оқушыларының математика, физика, информатика, химия, биология және география бойынша 3Д, 4Д модельдеулерін қолдану арқылы жасаған инновациялық жобалары. Сіз:
Қала тұрғындарын, балаларды және ата-аналарды «Инновациялық технологиялар-мүмкіндіктер кеңістігі» ІТ-фестиваліне шақырамыз.
Мына мекенжайда кездесеміз: Өскемен қаласы, Сатпаев даң. 82, 1 корпус Жекпе – жек сарайы.