«Көкпен жақ!» («Зажги синим!») акциясы – 2 сәуір
Өтетін күні: 2 сәуір.
Уақыты: 15.00 – 17.00
Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан к., 55.
Бүгінде Шығыс Қазақстанда аутизммен ауыратын 1500-дей бала бар. Олардың ата-аналары көп ретте өз мәселелерімен жалғыз қалады – ақпарат жоқ, мемлекет пен қоғам тарапынан қолдау жоқ.
2 сәуірде ШҚМУ аутизммен шалдыққан балаларды және олардың ата-аналарын, сондай-ақ мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтарды Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай акцияға шақырады.
Іс-шарада ШҚМУ студенттері мен оқытушылары балаларға арнап шығармашылық шеберханалар ұйымдастырады. Осы дерт және онымен шалдыққандарды оңалту әдістері туралы буклеттер таратылады
Соңында әуеге көк шарлар ұшырылады.
Іс-шараның медиялық міндеті: науқас балалар ерекшелігі туралы ақпарат тарату, инклюзивті қоғам идеясын насихаттау, толеранттылық сезімін тәрбиелеу.
«Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы