Құрметті әріптестер, студенттер!
Европа және АҚШ жоғарғы оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға 2020 жылдың 15 ақпанына дейін қатысушылардан келесі құжаттар қабылданады:
1. ҚР азаматының паспортының түсті көшірмесі
2. Қол қойылған және мөр басылған транскрипт
3. Шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын құжат (қатысу келесі құжаттардың бірін тапсырады):
- халықаралық шет тілін білу деңгейін бағалайтын халықаралық жүйелер сертификаты (IELTS, TOEFl)
- шетелдік жоғары оқу орнының студентті бар шет тілі деңгейімен қабылдайтындығы жөніндегі хаты
- Қазақстандық жоғарғы оқу орнының тестілеу нәтіжесінің сертификаты (В2 деңгейінен төмен емес)
4. ҚР шекарасынан шығар кезде 18-ге толмаған студенттер үшін студенттің ата-анасының, қамқоршысының немесе басқа заңды өкілінің жазбаша рұқсаты
5. Студенттің көп балалы отбасынан екенін дәлелдеу үшін отбасы құрамы жөніндегі құжат
6. Студенттің ата-анасы жоқтығын дәлелдейтін құжат ( ата-анасының қамқорынсыз қалған немесе жетім студенттер үшін)
7. Студенттің мүгедектігін растайтын құжаттар
Жоғарыда аталған мәліметтерді 2020 жылдың 15 ақпанына дейін ШҚМУ-дің 5 оқу ғимараты, 302 бөлмеге электронды және қағаз нұсқаларын әкелулеріңізді сұраймыз.
Халықаралық ынтымақтастық және шетел студенттерді тарту бөлімі