- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сіздерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ XXII Спартакиадасы шеңберінде өтетін, Университет Күніне арналған «Здравствуй, ВУЗ!» сайысына қатысуға шақырамыз.
Аталған сайысқа («Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттерінен басқа) барлық 1 курс студенттері қатыса алады.
Спорттық дода бағдарламасында 60 шақырымға жүгіру, орыннан қашықтыққа секіру, тартылу қарастырылған.
Сайыс 28 қыркүйек күні, сағат 10.00-де Ворошилов көшесі, 148 мекенжайы бойынша орналасқан 7 оқу ғимаратының алаңында өтеді.
Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде «Біз – салауатты өмір салты үшін!» акциясы өтеді. Құрметті студенттер, сіздерді салауатты өмір салтын насихаттайтын таңғы жаттығуларға қатысуға шақырамыз.
Таңертеңгі жаттығулар 28 қыркүйек күні сағат 7.00-де (№4 және №5 Студенттер үйлері арасында) өтеді.
Жастар ісі бойынша комитет, спортклуб