Оспан Нәбиұлы: шеттегі қазақтың даусы
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Моңғолия Баян-Өлгий аймағы бұқаралық қазақ радиосының директоры Оспан Нәбиұлы «Баян-Өлгий радиосы-шеттегі қазақтың даусы» атты тақырыпта 4 тамызда 19.00-де Facebook әлеуметтік желісінде @Nabi Ospan онлайн сұхбат өткізеді.
Оспан Нәбиұлы 1972 жылы Моңғолия Баян-Өлгий аймағында туған. Ол Қорқыт Ата атындағы Қызыорда мемлекеттік университетінің түлегі. Әр жылдары Баян-Өлгий аймағында мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда басшылық қызмет атқарған.
Қазіргі таңда Моңғолия қазақ радиосын басқара отырып, Оспан Нәбиұлы шеттегі қазақтардың ана тілінің ұмытылмай, дәстүрінің таза сақталуына барынша еңбек етіп жүрген ұлтжанды, қайраткер азамат. Оның бастамасымен жыл сайын Баян-Өлгийде қазақ ұлттық құндылықтарын насихаттауға арналған іс-шаралар өтіп тұрады.
«А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ