- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Рухани жаңғыру. «Шаһ-Керім:Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...». Әдеби-сазды кеш
Осыған орай «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы 19 сәуір күні, сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында біздің «Шаһ-Керім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты әдеби-сазды кеш өтеді.
Биылғы жылы өлкеміздің танымал ірі тұлғаларының бірі, ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) туғанына 160 жыл толады.
Сондай-ақ, ақынның шығармалары биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының «ЖЫЛ КІТАБЫ» болып таңдалды.
Кездесуде Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығының беймәлім беттерінен ақпараттар беріледі. Сондай-ақ, ақынның философиялық ойлары туралы Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» орталғының директоры Ақмарал Төлеуғазықызының бейнежолдамасымен танысамыз. Мәдени іс-шараға студенттер, оқушылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады. Шәкәрім әндерін тұңғыш орындаушылардың бірі – Ә. Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың көзі тірісінде жазылған бейне жазба тыңдалады.
Ақын ұрпағына рухани азық боларлық мұра қалдырды. Оның қаламынан шыққан көптеген өлең-дастандар, мысалдар, нақыл сөз, проза, қара сөздер, аудармалар, қызықты да аянышты тағдыры туралы зерттеулер кітапхана мамандары дайындаған әдебиеттер көрмесінде ұсынылады.
Мәдени іс-шараға студенттер мен оқушылар, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер шақырылады.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы