- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ақпараттық хат
2021 жылдың 20 сәуір күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәнінен «Dura lex, sed lex» атты облыстық онлайн олимпиада өткізеді.
Олимпиада мақсаты:
- Құқық негіздерін оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Гуманитарлық ғылымдарға қызығушылықты дамыту;
- Дарынды оқушыларды анықтау, білім қорын кеңейту
Олимпиада қатысушылары: 9 және 11 сыныптарда мемлекеттік және орыс тілінде оқитын білім алушылар.
Олимпиаданың өтетін күні: 2021 жылғы 20 сәуір, 1 кезең – сағат 9.00-де, 2 кезең – сағат 14.00-де.
Олимпиада тілі: қазақша, орысша.
Олимпиадаға қатысу – ақысыз.
Өтініштер беру мерзімі: Олимпиадаға қатысуға өтінішті төмендегі электрондық адреске (1 Қосымша бойынша) 2021 жылғы 18 сәуірге дейін жіберу керек – мемлекеттік тілде оқитындарға, тілінде оқитындарға.
Олимпиаданы өткізу туралы толық ақпарат қосымша 5 парақта (қазақ және орыс тілдерінде).
Ұйымдастыру комитеті