Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Student Digital Fest конкурсы

2019 жылы 24 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласындағы Конгресс-орталықта өткен «Жастар және уақыт шақыруы» XI жастар форумы аясында ұйымдастырушылар Қазақстан студенттері мен магистранттары үшін жаңа байқаудың басталғанын жариялады.

Student Digital Fest конкурсының мақсаты – мұнай-газ және энергетика салаларын цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша жастардың инновациялық жобаларын қолдау. Байқау қауымдастықтың мұнай-газ және энергетика салаларының компанияларына адами капиталды дамыту мен жетілдіруде жәрдемдесу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі. 

Конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының техникалық мамандықтарының бакалавриат/магистратура бағдарламасының студенттері болып табылатын кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.       Қатысуға тілек білдірушілер оқу курсына қарамастан, құрамында 4 (төрт) студенттен аспайтын команда құруы қажет. Бір командада магистратураның 1 (бір) студенті ғана болуы шарт. 

Командаларға команда атауын және оның капитанын анықтау қажет. 

Қатысуға ниет білдірушілер үшін 24 қыркүйектен 3 қарашаға дейін сайтта тіркеуден өту қажет. www.kazenergyforum.com  

Толығырақ сілтеме бойынша: http://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1770/?sphrase_id=5463  

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесі

Қазақ
× You found a Typo