«Студенттік көктем – 2019»
Өтетін күні және уақыты: 27 сәуір, сағат 17:00.
Өтетін орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №5 оқу ғимараты, акт залы (Қазақстан к., 55)
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Студенттік көктем – 2019» байқауы өтеді. Байқауға университеттің 1-4 курс студенттері қатысады.
Студенттер түрлі номинациялар бойынша бар өнерлерін ортаға салады. Олардың ішінде ән, би, аспапта ойнау, жайдарман және т.б. бар.
Іс-шараға 500-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда.
«Студенттік көктем» байқауы жастар арасындағы достықты, бірлікті, шығармашылықты нығайтуға үлкен үлесін тигізеді.
Көрермендер мен БАҚ өкілдерін шақырамыз!
Ұйымдастыру комитеті
