Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының «Үздік жас ғалым-2021» кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жариялануға өтінімдер қабылдау – 5 наурызға дейін
Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.) ұйымдастырумен және "Бөбек" жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастығы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері жас ғалымдарының "Үздік жас ғалым-2021" кітаптар топтамасының ІІІ нөмірінде жариялануға өтінімдер қабылдау басталды!
Өтінімдер табысты жас ғалымдардан, магистранттардан, аспиранттардан және докторанттардан (35 жасқа дейін) қабылданады.
Материалдар 5 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.