Туған күніңізбен құттықтаймыз!
Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякованы туған күнімен құттықтаймыз!
Қымбатты Ирина Владимировна!
Сіз – бүкіл университеттегі көптеген жетістіктердің, ұжымдағы көтеріңкі көңіл-күйінің кепілісіз, сіз – оқу орнымыздың нағыз жанашырысыз! Сіздің тың идеяларыңыз, сарқылмас күш-қуатыңыз, игі бастамаларыңыз, шығармашылығыңыз бен әдемі әзіліңіз күллі ұжымды алға жетелейді. Студенттер мен әріптестеріңіз сізді үлгі-өнеге тұтады, абырой-беделіңізді мойындайды, сізбен бірге жұмыс істеу – үлкен бақыт.
Осылай белсенді, позивтивті, креативті болып жүре беріңіз! Сізге баянды бақыт, табыс пен сәттілік, мықты денсаулық және барлық игіліктерді тілейміз!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректораты, ұжымы