Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ

Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде    2016 жылдың  20 мамыр күні  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің  25 жылдығына «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

 Конференция мақсаты – әлемдік өркениет үдерісіндегі түркі халықтарының мәдени және рухани мұраларын оқып-үйрену, дамыту және түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру.Конференцияда тарихымыздың аса құнды мұрасы болып саналатын көне түркі жазуы мен мәдениеті төңірегіндегі өзекті мәселелер қозғалады. Іс-шараға отандық танымал түркітанушы ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, докторанттар (PhD), магистранттар қатысады.

Іс-шара аясында конференция материалдары жинақ болып шығады.

Жинақ бойынша қойылатын талаптар:

Баяндамалар электронды нұсқада, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, интервал – 1, ені теңестірілген; азат жол – 1 см, беттің бағдары – кітаптық, жоғары және төменгі шеті – 2,0, сол жағы – 3,0, оң жағы – 1 см. жіберілуі тиіс.

Баяндаманың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, қызмет орны оң жаққа курсивпен беріледі. Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Тақырыпқа, конференция талаптарына сәйкес келмейтін баяндамалар жинаққа енгізілмейді.

Баяндамалар 7 мамырдан кешіктірілмей қабылданады және конференция материалдары алдын-ала жарық көреді. Жинақтың электронды нұсқасы сайтында орналастырылады. Жарияланым тегін. 

Мақалаларыңызды   электронды мекенжайына жіберулеріңізге болады.

Конференция 2016 жылдың 20 мамыр күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  мәжіліс залында өтеді (Өскемен қаласы, Қазақстан, 55 көшесі). Басталуы сағ. 10.00-де.

Біздің мекенжайымыз:

Астана қаласы, Сауран көшесі 7 а . Ұйымдастыру комитеті.

Факс: 8 (7172) 408397; Тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс) ; 87771753575; 87755411989 (ұялы).

 

Қазақ
× You found a Typo