- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili

«Жас талап - 2017» ғылыми жобалар байқауы
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы ғылыми жобалардың дәстүрлі «Жас талап» байқауына өтініштерді қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.
Байқау мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.
Байқау еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына септігін тигізетін үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар, сондай-ақ жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарға, зерттеулер мен идеяларға негізделген үздік ғылыми және инновациялық жобалар үшін университеттің студенттері, магистранттары, 35 жасқа дейінгі оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткізіледі.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жоба»,
- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».
Байқау ережесіне https://vkgu.kz/ru/page/studencheskie-olimpiady-konkursy.html сәйкес құжаттар 2017 жылдың 2 қарашасынан бастап 25 қарашаға дейін Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығында қабылданады. Мекен-жайымыз: Қазақстан к., 55 (әкімшілік ғимарат), 303 каб., .
Байл.тел.:8/7232/241-401.
https://vkgu.kz/sites/default/files/files/nauka/poloj_o_konk_jas_talap.pdf
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы