Құрметті бірінші курс студенттері!
Сіздер үшін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Бейімделу апталығының» басталғанын хабарлаймыз.
Толғандыратын сұрақтарыңызға жауап алып, оқу жылын сәтті бастау үшін декан орынбасарлары мен «Parasat» студенттерге қызмет көрсету орталығының мамандары бірігіп ZOOM платформасы арқылы 27-29 тамыз аралығында өткізетін online кездесуге шақырамыз.
Экономика және құқық факультеті: қазақ топтары үшін 27 тамыз, сағ. 14:00, орыс топтары үшін 16:00.