Шахмат байқауына өтінімдерді қабылдау – 23-28 желтоқсан
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ шахмат байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Байқау мақсаты – жастарды ойлануға, спортқа ынталандыру.
Жарысқа қатысушылар – университеттің студенттері мен магистранттары.
Ойынға тіркелу – 23-28 желтоқсан аралығы.
Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.
Мекенжайымыз: Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизия к., 34 (№1 ғимарат), №334 каб.