- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Университет оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Жаңа оқу жылы толағай табыстар әкелсін!
Білім ордасының табалдырығын енді аттаған студенттерді құттықтағым келеді. Құрметті бірінші курс студенттері! Диплом алу жолында алдарыңызда көптеген керемет оқиғалар, кішкентай және үлкен ашылулар, ғылым жолындағы ғажайып әлеммен танысу күтіп тұр. Осынау жол білім жолында еңбекорлық пен жігерлілік рухы әрдайым серік болсын! Студенттік шақтарыңызды қызықты етіп өткізіңіздер.
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Бұл жыл біз үшін де біздің университетіміз үшін де жаңа табыстарға толы болсын. Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә. У. Қуандықов