- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Осы жылдың 13-ші мен 23-ші мамыры аралығында экономика ғылымдарының докторы, экономика және басқару кафедрасының профессоры, 2016 жылғы «Үздік ЖОО оқытушысы» атағының иегері А.А. Кайгородцев Германияның Цвиккау қаласындағы Батыс-Саксон институтында (Wetsaechsische Hochschule Zwickau (WHZ) University of Applied Science) тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама бағдарламасы екі бөліктен тұрған. Біріншісі – Германия ЖОО экономика пәндеріндегі оқыту тәсілідерімен танысу. Екішісі – Германия профессорларымен экономикалық қауіпсіздік және посткризистік жағдайлардағы макроэкономикалық реттеу мәселесін талқылау.
А.А. Кайгародцевқа институт ұстаздарының сабақ жүргізу тәсілі қатты ұнапты. Сабақ түсіндіру барысында студенттер 2-3 топқа бөлініп бір-біріне сабақ түсіндірген, ал оқытушы бақылаушы ретінде ғана отырған.
Жалпы, тағылымдама сәтті өтіп, соңында сертификат табысталыпты.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі