19 мен 24 қыркүйек арасында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесімен ынтымақтастық аясында әлеуметтік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
23 қыркүйегі күні оқу орнымыздың волонтер студенттері «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мезгілдік сән көрсетіліміне қатысты.
Кітапхананың ғылыми оқу залында «Педагогикалық тәжірибе – студенттердің кәсіби дайындығының маңызды бөлігі» атты оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.