23.09.2016 ШҚМУ студенттері брейн-ринг облыстық ойындарына қатысады С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері «Жас Отан» жастар қанатымен бірге брейн-ринг облыстық зияткерлік ойындарына қатысады. Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаменті «Ашық есік күндерін» жариялайды. Антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар шеңберінде брейн-ринг ойыны да ұйымдастырылады. Аталған ойын аяқталған соң Департамент бойынша экскурсия жүргізіліп, жемқорлықпен күресудің әдіс-тәсілдері туралы айтылады. Өткізу орны мен уақыты: 23 қыркүйек, 16.00. Өткізу орны: ҚР Мемлекеттік істері Министрлігінің ШҚО бойынша департаменті. Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 4, 4 қабат, акт залы. Баспасөз қызметі View the full image