- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетпен бірлесіп «Жас Өркен» тағылымдамадан өту Бағдарламасын жүзеге асырады және 2017 жылғы түлектерін (студенттер мен магистранттар) қатысуға шақырады.
2017 жылдың түлектері үшін АҚ «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында тағылымдамадан өту және кейіннен жұмысқа орналастыру мүмкіндігі беріледі. Тағылымдама кезеңінде барлық қаржылық шығындар ұйымдастырушылар есебінен іске асырылады.
22 сәуірінде сағат 10.00-де Тәуелсіздік даңғылы, 86-үй мекенжайы бойынша, к. 302, Қазақстан-Американдық Еркін Университетінің мәжіліс залында Бағдарламасының тұсаукесері өтеді.
Барлық тілек білдірушілер шақырылады.
Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірбие және жұмысқа орналастыру бөлімі