Экономика және құқық факультеті экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлімбетов Үсен Сүлейменұлын 70 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтайды!
27 қазанда университетте үш тілді білім беруді жүзеге асыру мақсатында тұрақты өткізілетін семинардың «Teaching Resources and Methods in Content and Language Integrated Learning» тақырыбы бойынша кезекті отырысы өтті.
29 қазан оқушыларға арналған «Өсу орталығы» каникулдық курсының күзгі маусымының ашылуы өтті. ҰБТ пәндерінен терең дайындық жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының 10 ауданынан оқушылар келді.
26 қазан күні облыстық Пушкин атындағы кітапханада Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек қорындағы латын қарпіндегі әдебиеттерден көрме өтті.