Новосібір мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры, тарих ғылымдарының докторы Н.Н.Аблажей ШҚМУ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына «Тарихтағы миграциялық зерттеулер» дәрістер курсын оқуда.
ШҚМУ-да құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, оқытушылармен ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту, сондай-ақ университеттегі оқу үрдісін жаңа құжаттарға сәйкес ұйымдастыру бойынша кеңес өтті.
8 желтоқсанында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалы Өскемен қаласындағы және аудандардағы мектеп түлектерін сынақ тестілеуден өткізді.
Дәстүрлі жыр кешін биыл ШҚМУ химия кафедрасы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана жанынан құрылған «Шабыт» ақындар орталығымен бірлесіп қалалық деңгейде «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атауымен өткізді.
Қазақ тіл мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері үшін «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттың ұлы мұраты» атты кураторлық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оны куратор, аға оқытушы Ж. Қайырбаева өткізді.