ШҚМУ Экономика және құқық факультеті туризм мамандығының және облыс колледждерінің студенттері университетте «НК «Kazakh Tourism» АҚ өкілдерімен туризмді дамыту мәселелері бойынша кездесті.
12 желтоқсанда ШҚМУ-да дайындық бөлімінде оқып жатқан шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтары үшін әдістемелік апта аясында экскурсия өткізіліп, жоғары оқу орнына түсу жөнінде ақпарат берілді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 11 желтоқсанда, ШҚМУ-дың әкімшілік ғимаратында қалалық әртістердің қатысуымен «Жан жылуы» қайырымдылық концерті болып өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде еліміздің тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экология және география кафедрасында «Мен темекі шекпеймін және шеккімде келмейді!» атты тәрбиелік дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының студенттері Өскемен қаласындағы «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып қайтты.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасының меңгерушісі Бауыржан Қорабайұлын Рахәділовке дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалды.
ШҚМУ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкерлері Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне арналған облыстық іс-шараға қатысты.