- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сенбі күні, 23 сәуірде оқу ғимараттары мен Студенттер үйінің аумағында, сонымен қатар ғимараттардың ішінде сенбілік өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, соның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері №1 оқу ғимараты мен Студенттер үйлерінің аумағында тазалық сенбіліктерін өткізген болатын.
Сенбіліктер оқу ғимараттары мен университет жатақханаларының аумағының тазалығын сақтау және абаттандыру мақсатында жүргізіледі.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасөз қызметі