С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында 4 сәуірде Алғашқы әскери дайындық кафедрасында 1 курс студенттерімен Қарулы күштер жарғыларын білу бойынша викторина өтті.
Кафедраның аға оқытушысы Б. Туғанбаев рота бойынша күндізгі кезекшінің, бекеттегі қарауылшының іс-қимылдарына қатысты викторина сұрақтарын әзірледі.
Нәтижесінде мына студенттер алғырлық танытты: Нұркен Боранбаев, Ерболат Торғайбек, Әсет Егімбаев, Мадияр Қалымжанов, Әли Қуниязов.
Баспасөз қызметі