С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын ашу жұмыстары жалғасады.
Сондай-ақ, көптілді бөлімдер құрылатын болады.
«2015-2020 жылдарға арналған университеттегі үштілділік білім беруді дамытудың жол картасы» осындай міндеттерді алға қойып отыр.
Мұнымен қоса, докторантураға түсуді жоспарлап отырған оқытушыларды IELTS емтиханын тапсыруға дайындау курстарына белсенді қатыстыру, пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін оқытушыларды тіл меңгеруін растайтын халықаралық сертификаттармен (CEPT, TKT, TKTCLIL, IELTS) қамту көзделуде.
Баспасөз қызметі