21 қыркүйек күні Джозеф Уильсонмен «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының тыңдаушыларына арналған жұма сайын өткізілетін ағылшын тілі әңгімелесу клубының алғашқы отырысы болып өтті.
Әңгімелесу клубының негізгі мақсаты – студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу машықтарын жетілдірумен қатар, тілдік кедергіні жою. Қатысушылар шетелдік волонтермен әр түрлі тақырыпта пікір алысып, екі ел мәдениетінің ұқсастықтарымен және өзгешеліктерімен танысты, өздерін қызықтырған басқа да көптеген сұрақтарға жауап алды. Ал Джозеф өз кезегінде Өскеменде алған алғашқы әсерлерімен бөлісті.
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы