Ағымдағы жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да шақырылатын оқытушылар сапасын арттыру стратегиясы таңдалып, оқытушыларға еңбекақы төлеудің Хирш индексіне тәуелді жүйесі әзірленді.
ШҚМУ әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының оқытушыларын ынтымақтасуға белсенді түрде тартуда. Жақын және алыс шетел университеттерінің ғалымдары ШҚМУ-дағы бірлескен жобаларды әзірлеуге, тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізуге, конференцияларға қатысуға шақырылып тұрады.
2018-2019 оқу жылында ШҚМУ-ға 27 шетелдік ғалым келді. Олардың ішінде – Максим Ростиславович Гета (Ресей), Дина Константиновна Кирнарская (Ресей), Санг-Мэй Ли (Корея), Йорн Аренс (Германия), Нурадже Нуршат (АҚШ), Альбино Оливейро (Португалия), Мұстафа Танэр Шенгюн (Түркия), Мырзалимов Руслан Мұратбекович (Қырғызстан), Войчик Виелеба (Польша), Масахико Бешо (Жапония) және басқалар бар.
Баспасөз қызметі