- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен (Алматы қаласы) бірлесе отырып, 25 қазан күні «Академик Зәки Ахметов және тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану» атты онлайн ғылыми конференциясын өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың және ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Зәки Ахметовтың ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында «Зәки Ахметовтың ғылыми мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, ғылыми оқырман және филологияның заманауи мәселелерін шешуге бағдарланған ШҚМУ студенттері тарапынан сұраныс пен қажеттіліктің өсуіне байланысты академиктің «Өлең сөздің теориясы» атты еңбегі және З. Ахметовтың нақыл сөздері мен ой-толғамдарын қамтыған «Білімдіден шыққан сөз...» атты кітап «Берел» баспасынан қайта шығарылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы