Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын ШҚМУ студенттері жаңа оқу жылында 2 есеге көбейеді

Ағымдағы оқу жылында білім министрлігі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 16 орынға грант бөлді.

2018 жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 13 адам шетелге аттанған.

ҒЖ және ХБ жөніндегі департамент мәліметтері бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері осы жылы грант алған шетелдік университеттер арасында мыналар бар – Теннеси технологиялық университеті (АҚШ), Витаутас Магнус университеті (Литва), Лингвистикалық-техникалық университет (Польша), Туризм және қонақ үй менеджменті академиясы (Польша), Лимкоквинг креативті университеті (Малайзия). 

Сондай-ақ, 10 студент алдағы оқу жылында өз қаржылары есебінен шетелде оқуға ниет білдіріп отыр (РХДУ, Ресей дене шынықтыру, спорт, жастар және туризм мемлекеттік университеті, Мюнхен қолданбалы ғылымдар университеті, Вроцлав университеті, Витаутас Магнус университеті, Қытайдың кіші ұлттар университеті).

Алдын ала мәліметтер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерінің саны 2019-2020 оқу жылында 2 есеге артқан.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo