- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемендегі Талдау және болжау институтында облыс прокуратурасының тапсырысы бойынша «Ақпараттық саладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелге журналистер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «ALTAI JASTARY» медиаорталығының қызметкерлері қатысты.
Мақсат – келеңсіз ақпараттық әсерді болдырмауға және ақпарат балансын құруға бағытталған медиалық жобаларды іске асыру механизмдерін талқылау.
Модераторы – «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Әшімова.
Облыс прокуратурасының прокуроры А. Тілеуханова, Павлодар қаласынан келген психология ғылымдарының докторы Қ. Алина, дін істері басқармасының басшысы А. Абдулдин, облыстық «Дидар» газетінің редакторы У. Тоқпатаев, «Алтай» телеарнасының директоры А. Жабағиева баяндама жасап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Баспасөз қызметі