Тэннесси университетінің (АҚШ) ағылшын тілі оқытушысы Джозэф Уильсон 2018-2019 оқу жылында ШҚМУ-да еңбек етіп, екі жаңа пәннен сабақ беретін болады.
Университет ректоры Мұхтар Төлеген Тэннесси университетінің (АҚШ) ағылшын тілі оқытушысы, магистр, Фулбрайт грантының иегері Джозэф Уильсонмен кездесті.
Джозэф Уильсон 2018-2019 оқу жылында тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасында «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарында еңбек етпек, ол «Академиялық мақсаттарға арналған тіл» және «Мәдениаралық коммуникацияға кіріспе» пәндерін жүргізетін болады.
Ол, сондай-ақ, ағылшын тілі оқытушыларына аптасына бір рет ауызекі сөйлеу дағдыларын үйретпек.
Баспасөз қызметі