С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» медиаорталығы медиа бизнес-жоспарлар байқауының жеңімпазы атанып отыр.
Британияның Қазақстандағы елшілігі, Томсон қоры (the Thomson Foundation) және Қазақстандық баспасөз-клубы «ALTAI JASTARY» медиаорталығының медиа бизнес-жоспарлар байқауының жеңімпазы ретінде марапатталғанын хабарлады.
Бизнес-жоспар авторлары – «ALTAI JASTARY» медиаорталығының жетекшісі О.Ю. Сизова мен «ALTAI JASTARY» медиаорталығының шебері Н.Т. Чыншаева.
Байқау Британияның Қазақстандағы елшілігінің қаржылық қолдауымен Томсон қоры мен Қазақстандық баспасөз-клубы бірлесе іске асыратын «Цифрлық технологияларды дамыту: медиа менеджмент» жобасының бір бөлігі болып табылады.
Марапаттау аясында «Цифрлық диалогтар – Қазақстанның болашағы» тақырыбында пікірталас өтеді.
Баспасөз қызметі