- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен әдеби өлкетану пәнінің аясында жазушы, әдебиет сыншысы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Асқар Алтаймен қызықты кездесу өтті.
Шара барысында жазушының «Қара бура», «Туажат», «Алтай балладасы», «Жолаушы», т.б. көркем туындылары талданып, қаламгерлік-стильдік ерекшелігі сараланды. Мамандық студенттері жазушыға қазіргі қазақ прозасының даму бағыты туралы қызықты сұрақтар қойып, өздерінің өлеңдерін оқып, ақ жарма тілектерін білдірді.
Кездесу қызықты әрі әсерлі өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы