Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі сыртқы сараптама комиссиясы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да өз жұмысын жалғастыруда.
АРТА-ның сыртқы сарапшылары мамандандырылған аккредиттеу аясында №7 оқу ғимаратындағы Математика, физика және технология кафедрасында болып, студенттердің сабақтарына қатысты.
Екінші күні комиссия мүшелері аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша оқып жатқан жастармен жолығып, олардан сауалнама алды.
Аккредиттеу шеңберінде жұмыс берушілермен, «физика» және «математика» мамандықтары бойынша түлектермен кездесу болып өтті.
Баспасөз қызметі