С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми кітапханасына Азаматтық авиация академиясы (Алматы қ.) кітапханасының қызметкері Гүлмира Есенбаева келді.
Азаматтық авиация академиясы – еліміздегі авиацияның барлық саласы бойынша мамандар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны.
Мейман кітапханамен жіті танысып, үрдістердің автоматтандырылуына қызығушылық танытты. Кітапхананың бөлім меңгеруішісі С. Самойлова ИРБИС-64 автоматтандырылған кітапхана жүйесі туралы жан-жақты түсіндірді. Құжаттарды жинақтау және ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі Г. Байбосынова жаңа кітаптарды есепке алу формасын көрсетті. Бөлім меңгерушісі Л. Ершова қонаққа «Руханият», «Сирек қор», «Оқытушылар еңбектері» электронды мәліметтер базаларын таныстырды.
Гүлмира Шәріпқызы қаланы аралап, ШҚМТУ кітапханасында және Пушкин атындағы облыстық кітапханада да болды.
Баспасөз қызметі