- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Жуырда білім ордамызда халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Әнеспен және Тіл білімі институтынрың қызметкері Бағдан Момыновамен кездесу өтті.
Кездесу Шығыс өңірінің тумасы, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Бағдан Момынованың 60 жылдық мерейтойына арналды. Дөңгелек үстелде тіл білімінің өзекті мәселелері мен латын графикасына көшудің қажеттілігі талқыланды. Меймандар кездесуге қатысып отырған студенттер, магистранттар мен оқытушы-профессорларға келелі мәселелер төңірегінде сөз қозғап, ойларын ортаға салды.
Саналы ғұмырын тіл білімін зерттеуге арнаған Бағдан Қатайқызының ғылыми-педагогикалық жолы жастарға үлгі боларлық. Ғалым өзімен бірге Алматыдан алып келген 6 қорап жаңа кітаптарды университет кітапханасына сыйға тартты.
Аталмыш кездесуге университеттің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиева қатысып, тілтанушы ғалымның кеудесіне С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Құрметті докторы» төсбелгісін тақты.
Қазақ, орыс филологиясы
және журналистика кафедрасы