С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттері өндірістік іс-тәжірибе есебін онлайн конференция арқылы өткізді.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенттері 20 қаңтар мен 20 наурыз аралығында өткен педагогикалық іс-тәжірибелерәнің есебін онлайн түрінде берді.
Конференцияға комиссия мүшелері Г.К. Макшиева, Г.М. Раченкова, Г.К. Нығметжанова, Г.К. Қилыбаева және студенттер қатысты.
Студенттер педагогикалық іс-тәжірибені Өскеменнің №15 және З. Ахметов атындағы №16 орта мектептерінде өткізді. Студенттер өткізген ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарын баяндап, іс-тәжірибеден алған әсерлерімен бөлісті.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы