«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып жатқан ШҚМУ-дың бір топ белсенді студенті Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізуде.
Топқа «Серпін-2050» штабының жетекшісі Ләйлә Байжұманова және Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Әбілқайыр Батырбай жетекшілік етті.
«Серпін» бағдарламасы 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары жастарын кадр тапшылығын сезініп отырған еліміздің шығыс, солтүстік, батыс өңірлерінде оқыту, еңбекпен қамту мақсатында құрылған.
ШҚМУ-да «Серпін» бағдарламасы үшін мына мамандықтар қарастырылған: «Қоршаған ортаны қорғау», «Ақпараттық жүйе», «Қайта өндеу технологиялары», «Материалтану» және т.б.
Бағдарлама бойынша оңтүстік өңірлерден шыққан студенттер 20-дан астам ЖОО-да, 40-тан астам колледжде оқып жатыр.
ШҚМУ-да сабақтар қазақ тілінде, барлық стандарттарға сәйкес жүреді.
Жоба бойынша студенттерге шәкіртақы төленеді, жатақханадан орын беріледі және жұмыспен қамтылады.
Баспасөз қызметі