Үкіметтік жұмыс тобы ШҚМУ-дың әлеуметтік серіктестері болып табылатын №46 орта мектепте және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақниет» мектеп-интернатында болды.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әлеуметтік серіктесі болып табылатын №46 мектепке барған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова бастаған делегация құрамында университет ректоры Мұхтар Төлеген де болды.
Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова «Ақниеттің» іс-тәжірибесін осындай мектептер ашу арқылы елдің барлық өңірлеріне енгізу керектігін атап өтті.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеп тұр. Жобаны іске асыруға бюджеттен барлығы 347 миллион теңге қаржы бөлінген.
Баспасөз қызметі
Фото https://cloud.mail.ru/public/3JoF/3xRNRFBgp