Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Биология кафедрасы онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология кафедрасы А. Мицкевич университеті профессорларының қатысуымен онлайн кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.

3 ақпанда биология кафедрасы талапкерлерді тартудың инновациялық тәсілі – тікелей трансляция түрінде кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. Тікелей эфирге кафедра оқытушылары, білім алушылары, Катон-Қарағай ауылы Е. Рыков атындағы орта мектептің, С. Ластаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары және Польшадағы (Познань) А. Мицкеевич университетінің профессорлары Piotr Szkudlarz, Zbigniew Celka қатысты.

Тікелей эфирде келесі тақырыптар талқыланды: кафедраның білім беру бағдарламалары, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, ШҚМУ-ды таңдаудың және онда оқудың артықшылықтары.

Академиялық ұтқырлыққа қатысты оқушылар мен студенттер А. Мицкевич университетінің профессорларына сұрақтар қойды.

Биология, география және математика пәндерін таңдаған мектеп оқушылары ШҚМУ білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпарат алды.

ЖҒжТ факультетінің деканы М. Мадияров оқушыларды ШҚМУ-да білім алуға шақырды.

Биология кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo