- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
24 мамыр күні, биология кафедрасында «Биология» мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғалды.
Мамыр айының 24-де биология кафедрасында «Биология» магистрі мамандағы бойынша диссертация жұмыстары қорғалды. Мемлекеттік аттестациялық комиссия Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ-нің профессор б.ғ.д., А. Л. Воробьевтің төрағалығымен және комиссия мүшелері стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры б.ғ.д., профессор, Мырзагалиева А.Б., б.ғ.к., биология кафедрасының меңгерушісі Китапбаева А.А., п.ғ.к., химия кафедрасының доценті Даутова З.С., НИМ биология пәні мұғалімі Тунгушпаева А.Н магистранттардың жұмысын тыңдап, өз дәрежесінде бағалады.
Диссертациялық жұмыс үш тілде қорғалды. Магистранттардың ғылыми жетекшісі биология ғылымдарының докторы, профессор Мырзагалиева Анар Базаровна.
Магистрлік диссертация тақырыптары:
1) «Formation of research competent students through project-based learning», магистрант: Абдимуратов Е.М;
2) «Шығыс Қазақстанда жиналған өсімдіктерден алынған эфир майларының құрамы және биологиялық белсенділігі» магистрант: Ахмадиева Н.Т;
3) «Дәрілік өсімдіктер шикізат нарығын Қазақстан Республикасында институционалды көзқарастан зерттеу», магистрант: Біржанқызы Ж. Ғ;
4) «Paeoniaceae Rudophi тұқымдасы түрлерін клондық микрокөбейту технологияларын дамыту», магистрант: Жұманғазина А. Б;
5) «Особенности размножения RHAPONTICUM CARTHAMOIDES (WILLD.) ILJIN в культуре IN VITRO», магистрант: Оразов А. Е.
Магистранттар өздерінің магистірлік диссертацияларын өте жоғарғы деңгейде қорғады.
https://www.youtube.com/channel/UCo6yF4QlDvusrEH9f_8_nYw
Биология кафедрасы