- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚО-да ҰБТ маусымның 20-нан 24-не дейінгі уақытта өткізіледі.
Болжам бойынша, 2017 жылы ҰБТ-ны 7120 адам тапсырады деп жоспарлануда. Бұл жалпы түлектер санының 79%-н құрайды. Өткен оқу жылында ҰБТ-ны тапсырған оқушылардың үлесі 68,3%-ды (5727 адам) құрады.
Қорытынды аттестациялау нәтижесі бойынша «Алтын белгіге» үміткер 553 түлектің 549-ы өз білімдерін дәлелдеп шықты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі №156 бұйрығымен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарының және халықаралық олимпиадалардың 7 жеңімпазы 2016-2017 оқу жылында ҰБТ-ты тапсырудан босатылды.
Тестілеу ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін 16 пункте ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, биыл шекті деңгейлі баллды ала алмаған түлектерге жоғары оқу орнының ақылы бөлімдеріне түсу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі көзделген.
Тестілеудің бұл түрі бойынша өтініштер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясымен тамыздың 1-нен 8-не дейін қабылданады, тестілеу тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында өтеді.
Тестілеудің нәтижесіне қанағаттанбаған түлектер келесі күні сағат 13:00-ге дейін апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Апелляциялық өтініштер тесттік тапсырмалармен қатар, техникалық мәселелерге де қатысты қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматына қатысты түсініктеме берді.
Түлектерге 120 тапсырма беріледі. Тестілеуге 3 сағат 30 минут уақыт беріледі.
Ең жоғарғы ұпай саны – 140 (қосымша пәннің жауаптарын қоса алғанда).
Баллдар 5 пән бойынша, оның ішінде 3 міндетті пән және абитуриенттің мамандықты таңдауына байланысты жоспарлап отырған қосымша 2 пән бойынша саналады.
http://bilimvko.gov.kz/kz/news-3110
Шығыс қазақстан облысының білім басқармасы